АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Қырғызстан Республикасының Үкіметі ресми түрде Ыстықкөл облысының Ичке-Жергез ауылында болған қайғылы жағдайға байланысты оның көрші елдерге қаупі жоқ екендігін мәлімдеді.
Жекелей алғанда, ҚР Үкіметінің ақпараттық қамтамасыз ету аппараты бөлімі 22 тамыз күні Ақ-Су аумақтық ауруханасында «обаның бубонды формасы» диагнозымен түскен 15 жастағы Ичке-Жергез ауылының 15 жастағы тұрғыны Темірбек Исақұнов көз жұмды.
Қазіргі уақытта онымен байланысқа түскен 162 тұлға медицина қызметкерлерінің бақылауында. Олар алдын алу шаралары негізінде антибиотикотерапиядан өтіп жатыр. Осы ауруға ұқсас жағдайлар тіркелген жоқ.
Сәрсенбі күні кейбір бұқаралық ақпарат құралдары осы аурудың белгілерімен кемінде жеті адам дәрігерлердің шұғыл бақылауына алынды деп хабарлады.
Еске сала кетсек, Қазақстаннан Қырғызстанға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жарлығы бойынша тестілеу мен зерттеу жүргізу үшін диагностикалық препараттары бар мамандардан құралған бригада жіберілді.
Дереккөз: inform.kz