АҚШ президенті Барак Обама АҚШ-тың "Сирия үкіметі 21 тамызда азаматтарына қарсы ауқымды химиялық қару қолданған" деген тұжырым жасағанын мәлімдеді.
Жергілікті телеарнада 28 тамыз, сәрсенбі күні сөйлеген Обама химиялық қару қолданғаны үшін Сирияға қарсы әскери операциялар бастау жайын әлі ойластырып жатқанын айтты. Ол АҚШ-тың Сирия президенті Башар Асадқа "қатаң ескерту жасайтынын" ескертті.
28 тамызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі Ұлыбританияның Сирияға шабуыл жасауды ұсынған қарарын талқылап, келісімге келе алмаған еді.
Сирия дағдарысын әскери жолмен шешуге Ресей қарсылық танытқан. Сәрсенбіде Ресей президенті Владимир Путин мен Иран президенті Хассан Роухани Сирия мәселесін дипломатиялық жолмен шешудің маңызды екенін айтқан.
21 тамызда Дамаск маңында болған қақтығыста химиялық қару қолданылып, 350-ге тарта адам қаза тапқан еді. Тағы 1300-ге тарта адам уланып, ауруханада жатыр. Сириялық көтерілісшілер химиялық қаруды Башар Асад үкіметі қолданды деп айыптайды. Дамаск оны жоққа шығарады.

Дереккөз: azattyq.org
29 тамыз 2013, 12:54