
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль Иранмен ұзаққа созылған, екі тарапты әлсіретіп шаршататын соғысқа араласпайтынын, бірақ өз мақсаттарына жетпейінше шабуылдарды тоқтатпайтынын айтты, деп хабарлады АА.
Баспасөз конференциясында Нетаньяху Израильдің Иранға қарсы соққылары және АҚШ-тың Иранның ядролық объектілеріне жасаған тікелей соққылары туралы пікір білдірді.
АҚШ-тың Иран ядролық объектілеріне жасаған соққыларын жоғары бағалап, америкалық әскерилердің үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті: «Біз өзіміздің ұлы көшбасшымызға (АҚШ президенті Дональд Трампқа) ризашылығымызды білдіреміз. Олар Фордоға орасан зор зиян келтірді».
«Біз ұзаққа созылған соғысқа бармаймыз, бірақ бұл тарихи операцияны барлық мақсаттарымызды жүзеге асырмай аяқтамаймыз», — деді ол.
Нетаньяху Ирандағы мақсаттарына жеткен соң ғана шабуылдарды тоқтататынын атап өтті. Оның сөзінше, олар қажет болғанша шабуылдарын жалғастыра береді.
Премьер-министр «олар миссияны аяқтауға өте жақын және қойылған мақсаттарға жетуге зейін қойған» деді.
В Атырау +4