Атырау, 7 желтоқсан 17:52
 ашықВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Құрманғазы ауданында балық өңдеу зауыты толықтай жаңғыртылып жатыр

456 рет қаралды

Құрманғазы ауданы Шортанбай ауылында орналасқан балық өңдеу зауыты бүгінде толық модернизация кезеңінен өтіп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, бұрынғы зауыттың орнына заманауи балық өңдеу кешені салынып жатыр.

Қазір ескі ғимараттар толығымен сүріліп, жаңа 11 нысанның іргетасы қаланып, олардың үшеуіне металл конструкциялар орнатылды. Зауыт аумағында балықты қабылдау, мұздату, тұздау, қақтау, консервілеу, уылдырық пен филе дайындау, сондай-ақ механикалық жөндеу цехтары орналасқан.

Бұдан бөлек жобада қоймалар, көлік қоятын орындар, мұздатылған балықты сақтау және тұздалған өнімдерді кептіру аймақтары да қарастырылған.

- Кәсіпорында бұрын-соңды қолданылмаған заманауи технологиялар енгізіледі. Жоба толық іске қосылғаннан кейін зауыт бірнеше тонна балық өнімін өндіретін қуатқа ие болады. Бүгінде цехтар қажетті құрал-жабдықтармен 60% қамтылған. Жоспар бойынша зауыт 2026 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылады, - деді Құрманғазы ауданының баспасөз хатшысы Гүльхат Хамза.

Бұл жоба аймақтың экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындарды жұмыспен қамтуға жол ашпақ

23 маусым, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.