Cирия президента Башар Асадтың әскері елдегі басты Әскери-әуе күштерінің базасы Дамаскідегі әуежайды тастап кетті, деп хабарлайды ресейдің РБК агенттігі Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Әзірге әскерилердің қоныс аударуына не себеп болғаны белгісіз. Бүгін Батыстың осыдан екі күн бұрын сын сағаты туды деген күні. АҚШ президенті әкімшілігіндегі білетіндер, Америка әскерилері 29 тамызда Сирияға шабуыл жасауы мүмкін деп хабарлаған. Бұдан кейін Пентагон АҚШ әскері Сирияға шабуыл жасауға дайын деп мәлімдеген болатын. Британия да әскери теңіз жаяу әскерлерін қақтығыс болып жатқан елге аттандыруға дайындап қойған еді.
Алайда Б.Обама химиялық қару қолданылған (кім қолданғаны әлі белгісіз) Сирияға шабуыл жасау туралы шешім қабылдаған жоқ. АҚШ болса химиялық қаруды қолданған сириялық үкімет екендігін айғақтайтын дерек бар деп жариялады. Ал, БҰҰ-дағы Сирия өкілі Башар Жафари Дамаскі Батыс шабуыл жасаса Сирия да қарымта қайтарады деп мәлімдеді. Ол билікте қарсы шабуылдың бірнеше нұсқасы бар екендігін айтып отыр.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сириядағы қақтығысқа қатысты отырысынан нәтиже шықпады. Кеңес мүшелері Ұлыбританияның Сирияға шабуыл жасау керек деген резолюциясын қолдамады. Білетіндер резолюция өзгертіліп жатыр деп хабарлайды.
Қазіргі уақытта Сирияда БҰҰ-ның инспекторлары Дамаскі маңындағы кентте химиялық қару қолданылған жерден сынама алып, тексеру жүргізуде.
Дереккөз: bnews.kz