Атырау, 6 сәуір 12:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86

Жайық өзеніне 2 миллионнан астам бекіре шабағы жіберілді

853 рет қаралды

20 маусым күні Атырау бекіре балық өсіру зауыты Жайық өзеніне 2,1 миллион дана бекіре тұқымдас балық шабағын – пілмай, бекіре және қортпа түрлерін – жіберді. Бұл шара 2025 жылға арналған балық ресурстарын көбейтуге бағытталған мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылып отыр. 

Мақсат – бекіре тұқымдас балықтардың табиғи популяциясын сақтау және молайту.

Балық шабақтарын табиғи ортаға жіберу жұмыстарына Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, Атырау облысы әкімдігі, «Qazaq Balyk» ЗТБ және «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Атырау филиалы өкілдері қатысты.

Биыл Атырау бекіре зауыты арқылы жалпы 5 миллион дана шабақ жіберу жоспарланған. Қазіргі таңда су айдындарын балықтандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

23 маусым 2025, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.