Атырау, 21 желтоқсан 06:42
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Сплиттегі сәттілік - жүйелі жұмыс нәтижесі

2 687 просмотра

Хорватияның Сплит қаласында панкратионнан, греплингпен ММА (аралас жекпе-жек) бойынша балалар, жастар және ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтті.

Жарыстарда бірнеше медальдар жиынтығы ойналды. Қазақстан құрамасының қоржыны 16 алтын, 7 күміс және 6 қола жүлдемен толықты. Осы нәтижемен біздің палуандар Украина, Ресей және Хорватиядан кейінгі командалық есепте 4-орынға табан тіреді.

ҚР құрамасы сапында атыраулық үш жігіт болды, олардың бәрі де медальға қол жеткізді. 66 келіге дейінгі салмақта панкратионнан жастар арасындағы әлем чемпионы атағын Асылбек ТАНЖАН жеңіп алды. Ол 3 жекпе-жек өткізіп, барлығын да мезгілінен бұрын аяқтады. Күміс жүлдеге 16-17 жас аралығындағы греплинг бойынша Данияр ЖЕТПІСБАЕВ қол жеткізді. ММА-дан осы жас ерекшелігі бойынша қолаға Өмірбек ШАЙТЕНОВ ие болды. Жартылай финалда ол ресейлік қарсыласына жол берсе, 3-орын үшін болған арпалыста АҚШ өкілінен басым түсті.

Панкратион, греплинг және ММА ұлттық Федерациясы президенті Сағындық МЕКЕЕВТІҢайтуынша, жоғарыда аты аталған спортшылар - әлем чемпионы-2009 Артур ДИДАРОВ пен әлем чемпионы-2012 Жұмагелді ЖЕТПІСБАЕВТЫ дайындаған аралас жекпе-жектің атыраулық мектебінің екінші толқыны. Спортшылар мен жаттықтырушылар №24 мектеп әкімшілігіне жаттығу жасау үшін спорт залын ұсынғаны үшін алғыстарын айтады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ  

29 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.