Атырау, 30 қыркүйек 11:35
 бұлттыВ Атырау +24
$ 474.47
€ 503.51
₽ 4.88

Жаттығып алдық

1 634 просмотра

Облыстық «Бейбарыс» хоккей командасы Қазақстан Кубогы матчында көкшетаулық «Арланнан» 2:3 есебімен ұтылып, қолаға деген үмітінен айырылды.

«Мәмлүктер» өз топтарында 4 кездесу өткізіп, оның тек біреуінде ғана жеңіске жеткен. Алдымен астаналық «Номад» командасынан 0:2 есебімен, кейін «Алматыдан» буллит бойынша ұтылып қалды. Үшінші матчта өздерінің кім екендіктерін естеріне түсіріп, қарағандылық «Бүркітті» 6:1 есебімен ойсырата жеңіп еді, бірақ «Арланнан» келген жеңіліс кубоктан үмітті ақтамады.

«Бейбарыс» хоккей клубында жеңіліс туралы былайша түсіндіріп берді: «Бастысы, Истомин чемпионаттың алдында маусым аралығында жаңадан қосылған ойыншыларды ойын барысында бақылауға мүмкіндік алды, себебі олар «Бейбарыс» командасының жартысын құрайды».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.