Атырау, 21 желтоқсан 06:56
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Шылманов - таэквондо елшісі

1 982 просмотра

Қарағандыда таэквондодан өткен Қазақстан Кубогы өз мәресіне жетті.

Командалық есепте 1-орынға аяқ астынан турнир қожайындары көтерілді. Дәстүрлі көшбасшылар – Атырау мен Жамбыл облыстарына 2 және 3-орындар бұйырды. Алтын алқаны Айбар Дүйсебаев (74 келіге дейін), Үмбет Шәкиев (87 келіге дейін) жеңіп алды. Күміс жүлдеге Амантұр Табылдиев (63 келіге дейін) қол жеткізді. Сайыстың қола жүлдесін Аида Өтегенова (73 келіге дейін), Ирина Гайдук (63 келіге дейін), Дастан Мұратов (74 келіге дейін) және Әнуарбек Насихатов (80 келіге дейін) ұтып алды. Спортшылар жарысқа бару қаржысымен көмектескені үшін облыстық спорт басқармасына алғыстарын айтады.

Кубок шеңберінде Қазақстанның таэквондо Федерациясының төрешілік семинары өтті. Төрешілер алқасының шешімімен қараша айында Астанада өтетін ересектер арасындағы ҚР чемпионатында біздің жерлесіміз Асқар ТОҚТАБАЕВ бас төрешілік ететін болды. Сонымен қатар, таэквондо федерациясы және спорттық жекпе-жек Конфедерациясының шешімі бойынша таэквондоны дамыту және насихаттау шараларын ұйымдастыру міндеті кіретін ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы болып Олимпиада-2008-дің қола жүлдегері  Арман ШЫЛМАНОВ тағайындалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.