Атырау, 19 сәуір 07:19
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ауыл қаланы жеңіп кетті

2 110 просмотра

Өткен демалыс күндері «12 футов» бильярд залында және «Мұнайшы» спорт кешенінде қала әкімі аппаратының спартакиадасы өтті.

Жарыс бағдарламасында мини-футбол, волейбол, бильярд, шахмат, дойбы және үстел теннисі болды. Жеке есепте дойбыдан Нұрлыбек Дауылбаев (ауылдық округ әкімдіктерінің біріккен командасы), бильярдтан Әділжан Садықов (қала әкімі аппараты), үстел теннисінен Расул Асанов (Еркінқала селолық округі) жеңіске жетті.

Спартакиада қорытындысында 1-орынды Еркінқала селолық округі аппараты жеңіп алса, 2-орынға жер қатынастары бөлімі, 3-орынға қала әкімі аппараты командалары қол жеткізді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

29 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.