Атырау, 20 ақпан 06:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

Көше сарбаздары

1 907 рет қаралды

Атырауда стритболдан (ойын алаңына әр командадан 3 ойыншыдан шығып ойнайтын көше баскетболы) қалалық турнир өткізілді.

Бас төреші Еркін Төлегеновтың айтуынша, турнирге 9 команда қатысқан. Қорытындысында 1-орынды «Жанель-Авто» (ағайынды Александр және Владимир Михайленколар, Тимур Манабаев) командасы иеленсе, 2-орын – «Белочки» (Сергей Бухарин, Ислам Исмаилов, Ринат Қабиев) командасына, 3-орын «Песок-Дрим» (Нұржан Кенжалин, Темірлан Асанбаев, Никита Березин) командасына бұйырды.

1- және 2-орын алған командалар қыркүйек айында Ақтауда өтетін стритболдан Қазақстан чемпионатына жолдама алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.