Абай көшесіндегі №№13 және 15 үйлердің ауласындағы балалар алаңқайы қаланың кішкентай тұрғындарының денсаулығына қауіпті қоқыс алаңқайымен көршілес орналасқан. Балалар алаңқайынан бірнеше қадам жерде, №№17 және 19 үйлер арасында қоқыс алаңқайы бар.
Үкіметтің 01.12.11 күнгі №1431 қаулысымен бектітілген«Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың» 2-тарауы 2,1-тармағына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинауға асфальтталған алаңқайға орналастырған темір контейнерлер қолданылады. Контейнерлер тұрғын үйден 25 метр жақын және 100 метр қашық орналаспауы керек. Осындай контейнерлер алаңқайы үш жағынан биіктігі 1,5 м. дуалмен қоршалуы керек. Жақын жердегі нысандар мен құрылыстар арасында санитарлық-қорғаныс аймағы қарастырылуы керек. Сәйкесінше, бұл жерде құқық бұзушылықтың орын алғаны айдан анық.
«Арнайыавтобаза» КМКтұрғындарға контейнерлерді басқа жерге көшіру үшін қалалық ТКШ бөліміне хабарласуға кеңес берді. Ал сол жерден оларды қалалық СЭС-ке бағыттап жіберді. Қарапайым ғана мәселені шешу үшін тағы неше тараптардан өту керек екен?
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор