Атырау, 8 шілде 16:08
 ашықВ Атырау +27
$ 519.51
€ 611.83
₽ 6.60

Атырауда 5 жылға сотталған есепші жазасын кейін өтейді

530 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет

Атырау қаласының №2 сотында бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырып, иемдену фактісі бойынша айыпталған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының есепшісіне қатысты үкім шықты. 

Сотталушы 2023 жылдың маусым айынан бастап коммуналдық мемлекеттік мекемеде алғашында есепші, кейін бас есепші болып қызмет атқарып, мекеме директорының сеніміне кіріп, оның электрондық қолтаңбасын, «1С» және «Парус» жүйелерін заңсыз пайдаланған. Осы жүйелердің көмегімен ол өзінің және сенімді адамдарының есепшоттарына негізсіз ақша аударған. Алаяқтық әрекеттері нәтижесінде ол 49 млн теңгеден астам мемлекет қаражатын жымқырған.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Сотталушының жас балаларының болуы, шын ниетпен өкінуі –сотпен оның кінәсін жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды, ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған материалдық жауапкершілікпен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушының жас балаларының болуына байланысты ҚК-тің 74-бабының 1-бөлігі қолданылып, тағайындалған бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу 5 жыл мерзімге кейінге қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

16 маусым, 20:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.