Атырау, 16 шілде 17:00
 ашықВ Атырау +29
$ 525.87
€ 614.37
₽ 6.72

Атырауда Сәтпаев даңғылының бір бөлігі 16 маусымнан бастап уақытша жабылады

479 рет қаралды

Атырау қаласының әкімдігі Сәтпаев даңғылындағы кезең-кезеңмен жүріп жатқан жөндеу жұмыстары туралы тұрғындар мен қала қонақтарына хабарлайды.

Бірінші кезең аяқталып, орталық мешіт маңындағы учаскеде көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді.

Алайда, 16 маусым күні сағат 21:00-ден бастап жөндеу жұмыстарының екінші кезеңі басталады. Осыған орай, Сәтпаев даңғылының Тайманов даңғылы мен Ә.Молдағұлова көшесінің арасындағы жол бөлігінің бір жағы уақытша жабылады.

Соған байланысты қоғамдық көлік бағыттарына да уақытша өзгерістер енгізіледі. Жаңартылған маршруттар арнайы ақпараттық картада көрсетілген.

Қала билігі тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жолдағы белгілер мен көрсеткіштерге мұқият болуға, кептелістердің алдын алу үшін жүру бағытын алдын ала жоспарлауға шақырады.

Жөндеу жұмыстары қала инфрақұрылымын жақсарту бойынша кешенді бағдарлама аясында жүргізілуде. Әкімдік уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

16 маусым, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.