
Атырау облыстық маслихатының депутаты Арман Хайруллин Экология министрлігі мен үкіметті ауа сапасын бақылаудағы тиімсіз жұмысы үшін сынға алды.
Бұл туралы ол өз әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Облыстық экология департаментінің қызметкерлерімен бірге шыққан сапарында депутат ауа сапасын өлшейтін құралдардың ескіргенін және сенімсіз екенін айтты.
Оның айтуынша, бүкіл әлем цифрлық технологияларға көшіп жатқан кезде, бізде әлі күнге кассеталық таспасы бар құрал қолданылып жүр. Егер таспа температура өзгерсе немесе ылғал түсіп бұзылса, құрал дұрыс жұмыс істемей, нәтиже де бұрмаланып шығады.
Тағы бір видеода Хайруллин портативті электронды газанализатордың көрсеткіштерін көрсетеді. Бұл құрал АМӨЗ маңында күкіртсутек концентрациясының нормадан 11 есе асып кеткенін тіркеген.
Еске салсақ, соңғы күндері Атырау тұрғындары күйік иісіне шағымданып жүр. Кеше күкіртсутектің шектен тыс рұқсат етілген концентрациясы тіркелді. Бүгін таңертең жаңбыр жауып тұрса да, қалада қайтадан түтін мен тұншығарлық иіс сезіліп тұр.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау +4