Атырау, 8 желтоқсан 03:49
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау жолдарында тәртіп бұзғандар көбейді

508 рет қаралды
"АЖ" мұрағатынан

Апта бойы патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін бірқатар алдын алу шараларын жүргізді. 

Сенбі мен жексенбі күндері Құлсарыдан Атырауға шығар жолда көліктер тоқтатылып, жүргізушілерге жол ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді.

9 маусымда Құлсары – Атырау тас жолында Лада 21703 автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында жүргізушінің жүргізуші куәлігі мүлде жоқ екені анықталды.

Ал 10 маусымда Доссор – Құлсары – Бейнеу тас жолында Toyota 4Runner көлігі тоқтатылып, тексеру кезінде жүргізушінің бұрын сот шешімімен 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Бұл факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, көлік айыптұраққа қойылды. Құжаттар сотқа жолданды.

Сонымен қатар, қарсы қозғалыс жолағына шығып, басып озу ережесін өрескел бұзған 10 жүргізушіге де тиісті шаралар қолданылды. Бұдан бөлек, Құлсары – Атырау бағытында жолаушылар тасымалдап жүрген қоғамдық көлік жүргізушісінің де жол ережесін бұзғаны анықталып, іс сотқа жіберілді.

16 маусым, 13:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.