Атырау, 8 желтоқсан 03:48
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда тарихи нысандардың тазалығы тексерілуде

Сурет
736 рет қаралды

Қаланың көрікті жерлерінің жылтыраған суреттері бір бөлек, шын өмірдегі көрінісі мүлдем басқа. Плиткалары түсіп, арам шөптер өсіп, ғимараттардың сырты бүлініп жатыр. Экологиялық бақылау тобы Атыраудың мәдени нысандарын аралап, осы олқылықтарды байқады.

Атырау қаласында тарихи-мәдени нысандардың, саябақтар мен туристік орындардың тазалығы мен жай-күйін бақылау мақсатында қоғамдық кеңес мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп, «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық шарасын өткізуде. 

Мобильді топ «Исатай-Махамбет» алаңы, «Сұлтан Бейбарыс» алаңы, Қ.Сәтпаев, Ф.Оңғарсынова, Қ.Ахмедияров, Х.Доспанова ескерткіштері, «Жеңіс» саябағы және Башня маңы, т.б облыстағы бірқатар маңызды орындарды аралады. 

Тексеру барысында көп кемшілік анықталды: Исатай мен Махамбет ескерткішінің кафель жабыны түсіп қалған, Фариза Оңғарсынова ескерткішінің маңайын арамшөп басып кеткен, шіркеудің қасбеті сыр бере бастаған.  

Анықталған барлық олқылықтар бойынша қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тиісті тапсырмалар берілді. 

- Эко-бақылау акциясы он күн сайын қала мен аудандарда да жалғасатын болады. Келесі аптада саябақтар мен жасыл аймақтар қамтылып, тазалық пен тәртіп бойынша тағы да тексерулер жүргізіледі. Мониторинг жұмыстары 5 шілдеге дейін жалғасады, - деді Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Эльмира Сыдықова. 

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасына сәйкес басталған мониторинг жұмыстары Атырау қаласы мен аудандарда да өткізілуде.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

16 маусым, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.