
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов және CITIC Group директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуа «Орталық Азия — Қытай» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы аясында екі компания арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.
Құжат мұнай және газ кен орындарын барлау және игеру, Қазақстан Республикасының аумағындағы жер қойнауының перспективті учаскелерінде геологиялық зерттеулер жүргізу, мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін зерделеу, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру және ынтымақтастықтың басқа да бағыттарын дамытуды қарастырады.
В Атырау +4