Атырау, 8 шілде 16:46
 ашықВ Атырау +27
$ 519.51
€ 611.83
₽ 6.60

Атырау тағы тұншықты: күкіртсутек нормадан 9 есе жоғары

660 рет қаралды

Бүгін, 15 маусымда Атырауда күкіртсутектің (шіріген жұмыртқаның иісіне ұқсайтын) өткір иісі тағы да сезілді. Қала тұрғындары тыныс алу мүмкін еместігін айтып шағымдануда.

Ерекше өткір иіс таңертең Жұмыскер мен Авангард аудандарында байқалды, ол жерлерде ауа тұншықтырардай ауыр болды.

Қазір иіс біраз бәсеңдегенімен, әлі де сезілуде. Оның ішінде Рахат ауданында да байқалады.

iqair.com деректері бойынша, сағат 11:00-де Жилгородок ауданында күкіртсутектің (H₂S) концентрациясы 72,4 мкг/м³-ге жеткен. Бұл шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) 9 есе жоғары. Мұндай көрсеткіш ауа ластануының өте жоғары деңгейі болып есептеледі.

Бұл қаншалықты қауіпті

Күкіртсутектің мұндай мөлшері көз бен шырышты қабаттарды тітіркендіреді, бас ауруын, әлсіздік пен жүрек айнуды тудыруы мүмкін. Ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда тыныс алу жүйесінің бұзылуы және денсаулыққа басқа да зиянды салдары болуы ықтимал.

Сағат 12:00-дегі (2025 жылғы 15 маусымдағы)  жағдай бойынша H₂S концентрациясы әлі де жоғары күйде қалды:

  • НКОК №103, Шағала ауданы — 32,3 мкг/м³;

  • НКОК №111, Жилгородок — 29,6 мкг/м³.

Мұның алдында да Атырауда ауаның улы газбен күрт ластануы тіркелген еді. Бүгін күкіртсутекпен ластанды.

Осылай өмір сүріп жатырмыз.

Айнұр САПАРОВА

15 маусым, 20:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.