Атырау, 8 шілде 16:41
 ашықВ Атырау +27
$ 519.51
€ 611.83
₽ 6.60

Үндістандағы әуе апатынан аман қалған жалғыз жолаушы: «Көз алдымда адамдар қаза тапты»

637 рет қаралды

Air India ұшағының апатынан аман қалған жалғыз жолаушы ұшақ жерге соғылардан бұрын оның ішіндегі жарықтар «жыпылықтай» бастағанын айтты. Оның сөзінше, ол ұшақ қирандысынан шықпас бұрын көз алдында адамдардың қаза болғанын көрген. Бұл туралы УНИАН The Guardian, Hindustan Times басылымдарына сілтеме жасап хабарлады.

40 жастағы британдық жолаушы Вишваш Кумар Рамеш былай деді:

«Ұшақ ұшып кеткенде, бес-он секунд бойы ол ауада тұрып қалғандай болды. Кенет жарықтар — жасыл мен ақ түстер жыпылықтай бастады, содан кейін ұшақ әлдебір ғимаратқа соғылды».

Рамеш 11А орнында, авариялық шығу есігінің жанында отырған. Ол өзі отырған ұшақ бөлігінің жерге қонғанын, ғимарат шатырына соғылмағанын айтты.

«Шығатын есікті көрген кезде, шыға алармын деп ойладым. Тырысып көріп, шықтым. Ал ұшақтың екінші жағында отырған адамдар шыға алмаған шығар», — деді ол.

Рамеш: «Қалай аман қалғанымды өзім де білмеймін. Көзі алдымда адамдар қаза тапты — стюардессалар, қасымдағы екі адам... Мен ұшақ қирандысынан аман шықтым», - деді.

Еске салсақ, 12 маусымда Үндістанда жолаушы ұшағы апатқа ұшырады. Сол сәтте аспан қара түтінге оранды, апат орнына ондаған өрт сөндіруші және жедел жәрдем көліктері келді. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ ұшып шыққаннан кейін құлаған.

Сонымен қатар, ұшақ тұрғын үй аймағына, нақтырақ айтқанда дәрігерлерге арналған жатақханаға құлағаны хабарланды.

Кейіннен Үндістандағы әуе апатынан 241 адам қаза тапқаны белгілі болды. Жалғыз аман қалған жолаушы, британдық Вишвашкумар Рамеш ұшақ ұшып шыққаннан кейін 30 секундтан соң қатты дыбыс естіліп, ұшақ апатқа ұшырағанын айтты.

13 маусым, 18:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.