Атырау, 8 шілде 15:49
 ашықВ Атырау +27
$ 519.51
€ 611.83
₽ 6.60

Дамбы маңындағы өзен тармағына қалқымалы «шлагбаум» орнатылған

697 рет қаралды

Атырау облысының Дамбы ауылына жақын жердегі су өткелдерінің бірінде Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері браконьерлікпен күресу мақсатында металл трос пен 200 литрлік бөшкелерден жүзбелі бөгет орнатты. Дегенмен, жергілікті балықшылар мен демалушылар бұл шараға алаңдаушылық білдіруде: бұған дейін осындай бөгеттер апаттарға себеп болған.

Естеріңізге салсақ, әлеуметтік желілерде Дамбы ауылында түсірілген видео тарады. Онда балық қорғау инспекторларының көз алдында Қазақстан туы ілінген қайықта балық аулап отырған адамдар ғана емес, өзендегі бұл бөгет те көпшіліктің назарын аударды. Көпшілік оны тор деп ойлаған.

Алайда, өзен тармағына ұзындығы 130 метр, қалыңдығы 1 сантиметр металл трос түсірілген, оған шамамен 30 бөшке тізілген. Құрылымның ортасында қолмен "ағытуға" болатын 4 метрлік бос орын қалдырылған. Бірақ жергілікті тұрғындардың пікірінше, жоғары жылдамдықпен қозғалса, оны ағытылуы екіталай.

— Бұрын осындай өзен тармағының бірінде адам қазасы болған еді, — дейді куәгерлер.  Оның қайығы тросқа соғылып, қатты соққыдан бөлініп кеткен.

Балық қорғау қызметі браконьерлерді ұстау мақсатында осындай бөгет орнатады, бірақ оған кәдімгі демалушылардың гидроциклдері мен басқа да жылдам жүзетін шағын қайықтар ілінуі мүмкін. Бір қызығы, бұл жердің көрінісі таспихқа ұқсайтындықтан жергілікті халық арасында «теспі» деп аталып кеткен.

Тек екі күннің ішінде төрт жүзбелі құрал осы бөгетке соғылған: оның ішінде екі байда, байдарка және бударка бар. Бағына қарай, зардап шеккендер болған жоқ.

Ал инспекция мәліметінше, жыл басынан бері өңірде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 830 дерегі анықталған. Заңбұзушыларға жалпы сомасы 10 миллион 700 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 335 және 339-баптары бойынша бес іс қылмыстық белгілермен полицияға жолданған.

Рейдтер нәтижесінде 2 тонна 800 килограмм балық (оның ішінде 104,6 келі бекіре тұқымдас балықтар), 307 аулау құралы, 39 жүзу құралы және 7 автокөлік тәркіленді.

Мұндай бөгеттер орнатылған жағдайда қауіпсіздік мәселесі, әсіресе демалыс маусымында, әлі де өзекті болып қала бермек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


13 маусым, 18:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.