Атырау, 4 қазан 17:42
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Қыс қыр астында

2 924 просмотра

Индербор поселкесіндегі көпқабатты 14 үйдің тұрғындары үшін жылу маусымы жақындаған сайын бас ауыртар проблема басталады.

Жергілікті билік жылумен қамту жауапкершілігін тұрғындардың өздеріне артқан.  

- Поселке әкімдігі біз ПИК құрсақ, жылумен қамтуға кепілдік береміз деп отыр, - дейді көпқабатты үйлердің тұрғындары. – Біз бұған сенбейміз. Себебі үйлер ескі, жертөлелер суға толған. Бұрынғы аудан әкімі екі-үш көпқабатты үйлерге дербес жылу қазандығын орнату үшін мұржалар жасата бастаған. Алайда, бұл жұмыстар да бүгінде тоқтап қалды.

Индер ауданы әкімінің орынбасары Мұхамбетқали  АЛДЕРЗИННІҢ айтуынша, мұржалар заңсыз жасалған.

- Мұржалардың сметалық құжаты да жоқ, газшылардың да арнайы рұқсаты болмады, - дейді М.Алдерзин.

- Тұрғындар ПИК құрғанымыздың өзінде жылумен қамтуда проблемалар орын алады деп алаңдайды. 

- Былтыр жылумен қамтумен жеке кәсіпкер Таңат СИСЕН-ҒАЛИЕВ айналысқан. Ол жыл аяғында 4 млн теңге қарыз болып қалды. Оның 1,5 млн теңгесі тұрғындардың төлемақыны төлемеуінен жиналған қарыз. Тұрғындардың жауапкершілігін арттыру үшін ПИК құрыңдар деп ұсыныс тастадық. Құрылған ПИК-терге сенімгерлік басқарумен 8 жылу қазандығын бермекпіз. Қазір «Шалқар» ПИК-і өз жұмысын бастады, тағы екеуі құрылмақшы. Өкініштісі, көпқабатты үйлердің жер актісі жоқ. Оны ресімдеуге қар-жы керек. Демеушілердің көмегімен ақша табамыз деп ойлаймын. Бұл ақша газ қарызын өтеу үшін де қажет. Біз жылуға қарызы бар борышкерлерді сотқа бердік.    

- Жылу қазандықтары жөндеуге келетін жағдайда ма?

- Күні бүгінде 8 жылу қазандығын жөндеуден өткізуге 5 млн теңге бөлініп отыр. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.