
12 маусым күні сағат 13:30 шамасында Құлсары қаласындағы Махамбет даңғылы бойында, «Медина» дүкені маңында автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіне шығып, бірнеше көше жарығы мен «Аркан» жылдамдықты өлшеу камерасы орнатылған бағанаға соғылды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты жолаушы түрлі жарақатпен Жылыой аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жарақат ауырлығы әзірге хабарланбады.
Жүргізуші 1974 жылы туған ер адам болған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс Жылыой аудандық сотына жолданды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА