
Иран кез келген жағдайға, оның ішінде ауқымды әскери қақтығысқа да толық дайын. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) қолбасшысы Хосейн Салами мәлімдеді. Оның айтуынша, Израиль тарапы бұған дейін бірнеше мәрте Иранға шабуыл жасау ниетін білдірген, деп хабарлайды news.ru.
— Біз бұған дейін де, қазір де: кез келген сценарийге толық дайынбыз, — деп мәлімдеді генерал Салами.
Ол Ислам Республикасының кез келген араласуға жауап қайтаратынын қадап айтты. Бұл мәлімдеме Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты, сондай-ақ батыстық бұқаралық ақпарат құралдарының Израильдің Иранға қарсы әскери операцияға дайындалып жатқаны туралы хабарлары аясында жасалды.
Бұған дейін АҚШ ресми тұлғалары Израильдің Иранға қарсы әскери әрекет жасауға толықтай дайын екенін хабарлаған. Вашингтон Иранның бұл шабуылға жауап ретінде Ирактағы америкалық нысандарға соққы беруі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
Сонымен қатар, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери объектілері де жоғары жауынгерлік дайындық режиміне көшірілді. Бұл қадамдар аймақтағы шиеленістің одан әрі күшею ықтималдығына байланысты қолға алынып отыр.