Атырау, 8 шілде 16:06
 ашықВ Атырау +27
$ 519.51
€ 611.83
₽ 6.60

​Air India ұшағы апатынан барлық жолаушы қаза болды

362 рет қаралды
Фото: Amit Dave / Reuters

Үндістанның Ахмадабад қаласында орын алған авиациялық апат бүкіл әлем жұртшылығын есеңгіретті. Air India әуе компаниясының Лондонға бағыт алған Boeing ұшағы әуеге көтерілгеннен көп ұзамай медициналық колледждің жатақханасына құлап, ауыр қайғыға себеп болды. Бұл туралы Коммерсантъ хабарлайды.

Ұшақ бортында болған 242 адамның — 230 жолаушы мен 12 экипаж мүшесінің — ешбірі аман қалмады. Жергілікті полиция қызметкерлері апат орнындағы ахуалдың аса ауыр екенін растады. Сонымен қатар, ұшақ құлаған ауданда болған жергілікті тұрғындардың да құрбандар қатарында болуы мүмкін екендігі хабарланды. Аймақтық ақпарат құралдарының мәліметінше, жақын маңдағы ауруханалардың мәйітханаларына 100-ден астам адамның денесі жеткізілген.

Опат болғандардың қатарында 169 Үндістан азаматы, 53 Ұлыбритания азаматы, сондай-ақ 7 канадалық және 1 португалиялық азамат болған. Ресейдің дипломатиялық өкілдігі бұл рейсте ресейліктердің болмағанын хабарлады.

Оқиға салдарынан Ахмадабад халықаралық әуежайы біраз уақытқа өз жұмысын тоқтатқанымен, кейін қалыпты режимге қайта көшті. Апаттың нақты себептері әзірге анықталуда. Тиісті органдар тергеу жұмыстарын бастап кетті.

12 маусым, 19:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.