Атырау, 25 сәуір 03:45
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қабдолов қорының марапаттары

2 998 просмотра
Алматыда академик Зейнолла Қабдолов атындағы халықаралық сыйлықпен марапаттау болып өтті.

Бұл сыйлық Атырауда тұрып жатқан жазушы және ақын Бекет ҚАРАШИН басқаратын Зейнолла Қабдолов атындағы қормен 2012 жылы бекітілген. Ол кісінің айтуынша, бұл сыйлық еліміздіњ өскелең ұрпағына үлгі бола білген әртүрлі саладағы қайраткерлерге табыс етіледі. «Қазақ тілін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін» номинациясы бойынша Герольд БЕЛЬГЕР, «Академик З.Қабдолов мұрасын жєне есімін жан-жақты қолдағаны үшін» Мұрат ӘУЕЗОВ, ««Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытқаны үшін» Шамғон ҚАЖЫҒАЛИЕВ марапатталды. Марапатқа ие болғандар қатарында палестина шейхы Наджед Д. БКЕРАТ, қазақстандық драматург Рахымжан ОТАРБАЕВ бар. Сонымен қатар бизнес өкілдеріне инновациялық жобалары үшін де марапаттар табыс етілді.

Тамара СУХОМЛИНОВА
29 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.