Атырау, 16 шілде 16:58
 ашықВ Атырау +29
$ 525.87
€ 614.37
₽ 6.72

Атырауда емханалар заманауи жабдықтармен толықты

420 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Медицина қызметкерлері күніне орай Атырау қаласында екі ірі медициналық нысан жаңа заманауи құралдармен жабдықталды.

№7 қалалық емхана сегіз айлық күрделі жөндеуден кейін қайта ашылып, облыста алғаш рет денситометр аппараты орнатылды. 

- Бұл құрылғы сүйек тығыздығын өлшеп, остеопорозды ерте анықтауға көмектеседі. Енді емханаға дәрігердің жолдамасымен тексеруден өту мүмкіндігі бар, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Әбілова.

Сонымен бірге облыстық Онкология орталығында жаңа эндоскопия бөлімі ашылды. Ол OLYMPUS CV-1500 бейнежүйесі, гастроскоп, колоноскоп және Endocab Plus тазалау жүйесі сияқты заманауи аппаратурамен жабдықталған. 

- Барлық эндоскопиялық тексерулер науқастарға ыңғайлы болу үшін наркозбен өткізіледі, – деп хабарлады онкология орталығының директоры Эльмира Сапарова.

Жаңа бөлім асқазан-ішек және өкпе-бронх ауруларын ерте кезеңде анықтап, тиімді емдеуге мүмкіндік беретін жоғары дәлдіктегі зерттеулер жүргізеді.

12 маусым, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.