
Сайыс нәтижесінде онкологиялық диспансердің «Адреналин» командасы 26 ұпай жинап, бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды қалалық №2 емхананың «Пульс» командасы иеленсе, үшінші орынға «Схватка за победу» деп аталған перзентхана қызметкерлері шықты.
Атырауда жас мамандар арасында «MEDICAL QUIZ» интеллектуалдық сайысы өтті. Бұл сайыс облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «SENIM» кәсіподақ ұйымы және қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Медицина қызметкерлері күніне орай өткізілді.
Ойынға түрлі емдеу-сауықтыру мекемелерінен құралған 23 командадан 115 адам қатысты. Қатысушылар медицина, Қазақстан тарихы, логика және денсаулық сақтау жүйесі туралы сұрақтарға жауап беріп, алты кезеңнен өтті.
Қалған қатысушылар ұйымдастырушылардан алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды. Дәрігерлер мұндай шаралар білім көкжиегін кеңейтумен қатар, командалық рухты нығайтуға да көмектесетінін атап өтті. Ал командалық рух – дәрігерлер үшін диагноз секілді маңызды.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА