Атырау, 26 желтоқсан 09:31
 ашықВ Атырау -3
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Үндістандағы ұшақ апатында қаза тапқандар саны 133-ке жетті

386 рет қаралды

Үндістанның Гуджарат штатында, Ахмадабад қаласының әуежайы маңында Air India әуекомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. News18 телеарнасының хабарлауынша, апат салдарынан қаза тапқандар саны 133 адамға жеткен, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін TimesNow телеарнасы 110 адам қаза болды деп хабарлаған еді.

Авиакомпанияның мәліметіне сәйкес, ұшақта 242 адам болған, оның ішінде екі ұшқыш және он бортсерік бар.

Сонымен қатар, үндістандық News Nine порталы мен ANI агенттігі ұшақ апаты медициналық колледждің жатақханасының төбесіне құлағанын және кем дегенде 20-дан астам студенттің қаза тапқан болуы мүмкін екенін хабарлады. Жатақхана BJ медициналық колледжіне тиесілі.

12 маусым, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.