Атырау, 8 желтоқсан 03:43
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау қалалық қаржы бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

799 рет қаралды
Н.А.Сарманов, "АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Қалалық қаржы бөлімінің басшысы қызметіне Сарманов Нұрболат Әлібекұлы тағайындалды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Нұрболат Сарманов 1982 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ол 2001 жылы Батыс Қазақстан экономика және қаржы институтының колледжін «Қаржы» мамандығы бойынша, 2005 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2016 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын меңгерген.

Еңбек жолын 2001 жылы Қызылқоға аудандық мәслихат аппаратында есепші болып бастаған. Кейінгі жылдары Қызылқоға аудандық денсаулық бөлімінде экономист, салық органдарында бас маман, бөлім басшысы міндетін атқарушы, сондай-ақ Атырау облыстық Тексеру комиссиясында бас маман қызметтерін атқарды.

2014-2021 жылдары Мемлекеттік кірістер басқармаларында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2021-2022 жылдары Мақат аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасын басқарды. Соңғы жылдары Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында басқарма басшысы және Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Тағайындалғанға дейін 2023 жылдан бастап Жылыой ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.

12 маусым, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.