
Үндістанның батысындағы Ахмедабад қаласында 12 маусым күні Air India әуекомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлады. Ұшақ Британияның Бирмингем қаласына бағытталған болатын, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Апат әуежай аумағында орын алған. Агенттіктің дерегінше, ұшақта 200-ден астам жолаушы болған. Ал үндістандық News18 телеарнасы ұшақта шамамен 250 адам болған болуы мүмкін екенін хабарлады. Оқиға орнына шұғыл қызметтер жіберілді.
Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, апат ұшақтың көтерілу кезінде болған. Әлеуметтік желілерде ұшақ құлаған жерде қалың түтін тұрған видеолар жарияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.
В Атырау +4