Британияда - Britain got talent, Румынияда - Romвnii au talent, Украинада – «Украина маә талант», Ресейде – «Минута славы» атауларымен ұйымдастырылып жүрген байқаулар сияқты Атырауда «Атырау таланттарды іздейді» музыкалық жобасының финалы өтті.
Шараны қаланың ірі мейрамханаларының бірі ұйымдастырып, таланттарды іріктеу бойынша өз байқауын өткізді. Алдын ала іріктеуге барлық салада – бидегі, музыкадағы, спорттағы және т.б. өз таланттарын көрсету үшін кез келген адам қатыса алды. Бағалау критерийлеріне жанрдың ерекшелігі, костюмдер, жұртшылыққа әсер етулері (қолдау топтарының болуы) жатқызылды. Байқаудың алдын ала іріктеу кезеңіне 150 адам қатысып, ақтық сайысқа тек 10 өнерпаз шықты. Жеңімпазға 100 мың теңге, екінші орынға 70 мың, үшінші орынға 50 мыңге теңге бәйге тігілді. Қатысушылардың жасына мән берілмеді, сондықтан да финалға 11 жастан 70 жас аралығындағы адамдар шықты.
Сахнаға бірінші болып рэпер, жеке меншік компанияның коммерциялық өкілі болып жұмыс жасайтын Баубек «Бигбэн» САБЫРОВ шықты. Ол халықаралық хитке айналған, американдық «6 апта» және «Billboard Hot 100», британдық «UK Singles Chart» чарттарында көш бастаған «Thrift Shop» композициясын орындады. Атырау инженер-гуманитарлық институтының экономика пәні оқытушысы Алтуша ТӨЛЕГЕНОВА «Пуссикэт Доллз» тобының белгілі «Sway» хитін айтты. Ал келесі қатысушыны көмекшілері сахнаға ескерткіш сияқты алып шықты. Ойыншық сарбаздың ашық түсті костюмін киген БЕКА (Бекбол Жүсіпов) «Щелкунчик» биін керемет орындады. Бекбол фитнес клубта нұсқаушы болып жұмыс жасайды.
Төртінші қатысушы, ірі құрылыс компаниясының қызметкері Азат ЖИЕНБЕКОВ халық алдына Ашердің «You got it bad» хитімен шықты. Содан кейін кезек биші дуэт Мира ҚАРТБАЕВА мен Даниел ПАСКУИНОҒА келді, олар «Нуово тангосын» биледі. Олар 30-жылдар стиліндегі костюмдер киіп, шаштарын да сол жылдар үлгісімен қойыпты. Айта кетсек, Мира мен Даниел қалада барлық қалаушыларға тегін танго секциясын ашыпты.
Финалға келесі болып PSY стиліндегі «Джентельмен» биін орындаған «Кадрин Джэксон’s Данс Груп» тобы өтті. Бұл топты өз достары мен қарындастарынан құрған Қадырбек НАЗИРОВ интернет-кафеде әкімші болып жұмыс істейді екен. Ол қаламызда Майкл Джексонның стиліндегі билерді орындаушы ретінде жақсы танымал. Осындай пластикамен неге республикалық деңгейге көтеріле алмай жүрсің деген сұраққа Қадырбек продюсері жоқтығын айтады. Өкінішті, әрине.
Ең жас қатысушы, 11 жасар Әмір АЙТҚАЛИЕВ Леонид Утесовтың әйгілі «Как много девушек хороших» әнін орындады. Әнді орындау барысында Әмірдің залда отырған қыз баланы биге шақырғаны оның жұмсақ тембріне үйлесе кетіп, көрермендердің көңілін көтеріп тастады – олар жас әртісті көпке дейін сахнадан жібергілері келмейді.
Менеджер Алтын БЕКЕШОВА Алисияның If i aint got you әнін орындады. ТШО компаниясының қызметкері Азиза ХАМИЕВА заманауи өңделген классикалық шығарма, Лара Фабианның орындауында жақсы танылған «Адажио-Альбинониды» орындады. Азизаның өз стилі бар екені байқалып тұрды, көрерменнің жылы қабылдағаны – соған дәлел. Тағы бір қатысушы, АМУ студенті Салтанат ДҮЙСЕМБАЕВА «Glamorous» би тобының қолдауымен Рианнаның «Umbrella» әнін сахнаға шығарды.
Финалистердің өнер көрсетулері брейк-данс стилінде билейтін «Суперсоник» тобының өнерімен аяқталды. Залдағы көрермендердің қошеметтерімен жігіттер күш гимнастикасы мен акробатиканың кереметтілігін көрсете білді. Топтың жетекшісі – АМжГИ студенті Ерболат РЫСПАЕВ.
Қорытындысында әділқазылар алқасы шешімімен 1-орынды Бека жеңіп алды, екінші орын «Суперсоник» тобына, ал 3-орын Азат ЖИЕНБЕКОВКЕ бұйырды.
Конкурс соңында мен фина-листерден олардың қай жерде дайындалатындықтары жөнін-де сұрадым. Барлығы да өз үйлерінде дайындалатын болып шықты. Бәлкім, көрермен көрген орындаушылардың жоғары деңгейі осынысымен де қызықты шығар. Конкурс ұйым-дастырушыларының айтуынша, кей қатысушылар үлкен сахнаға шығуға әбден лайық. Дегенмен, бұл нағыз шоу болды.
Зинат ОРЫНБАСАРОВА