Атырау, 8 желтоқсан 03:43
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

КПО компаниясы Балтабек Мұқанұлы Қуандықовтың өмірден озуына байланысты көңіл айтады

597 рет қаралды

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы қазақтың көрнекті геологы, мұнайшысы, геология-минералогия ғылымдарының докторы Балтабек Мұқанұлы Қуандықовтың дүниеден өтуіне байланысты орны толмас қайғыға ортақтасып көңіл айтады.

Балтабек Мұқанұлы тәуелсіз Қазақстанның энергетика саласын қалыптастыру мен дамытуға орасан зор үлес қосқан жоғары деңгейлі кәсіби маман болды. Ол еліміздің экономикалық дамуы мен өркендеуінің басты тірегіне айналған ірі мұнай-газ кен орындарын ашқандардың қатарында болды.

Балтабек Мұқанұлының отбасына, жақындарына және әріптестеріне қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының басшылығы мен ұжымы

12 маусым, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.