
«Атырау жылу жүйелері» ЖШС қала тұрғындары мен қонақтарын 2025 жылғы 13-16 маусым аралығында бірқатар мекенжайда ыстық су беру уақытша тоқтатылатыны туралы хабардар етті. Бұл шектеу Махамбет көшесіндегі жол бөлігінде жүріп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіледі.
Жөндеу жұмыстары жылу жүйелерін қайта жаңғырту мақсатында жүргізілуде.
Ыстық судың уақытша өшуі келесі мекенжайларды қамтиды ("Орталық Б" жылу пунктінен):
Махамбет көшесі: 114, 114а, 114б,
-
Момышұлы көшесі: 15, 17, 19, 21, 23, 25, 27,
-
Абай көшесі: 14а, 16а, 18а, 26а,
-
Канцев көшесі: 1, 2, 3, 3а, 4, 5, 6а, 11,
-
Уәлиханов көшесі: 9а.
Жылу жүйелері мекемесі уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды өтінеді.
В Атырау -2