Атырау, 26 желтоқсан 09:11
 ашықВ Атырау -3
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Вашингтондағы Спокан қаласында наразылықтар аясында коменданттық сағат енгізілді

347 рет қаралды

Фото АР
Вашингтон штатының Спокан қаласында басталған наразылықтар аясында қала мэрі Лиза Браун коменданттық сағат енгізді. Шектеулер 11 маусымда күшіне енді. Коменданттық сағат жергілікті уақыт бойынша 21:30-дан таңғы 5:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Коммерсантъ.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, шектеу шаралары Споканның орталық аудандарының бір бөлігінде күшінде болады. Коменданттық сағаттан құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар қызметі, БАҚ өкілдері, осы ауданда тұратын азаматтар мен жұмысқа баруы қажет адамдар босатылады.

Айта кетейік, 6 маусымда Лос-Анджелесте АҚШ президенті Дональд Трамптың миграциялық саясатына қарсы наразылықтар басталған еді. Кейін бұл акциялар полициямен қақтығыстарға ұласты. Осыдан соң Трамп Калифорнияға Ұлттық гвардияның сарбаздарын жіберді. Бұған жауап ретінде штат губернаторы Гэвин Ньюсом президентке қарсы сотқа шағым түсірді. 11 маусымда Лос-Анджелесте де коменданттық сағат енгізілді.

12 маусым, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.