
Канадада 15–17 маусым аралығында өтетін G7 саммитінде дәстүрлі бірлескен қорытынды коммюнике қабылданбайды. Бұл туралы Газета.Ru Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Коммюникеден бас тарту шешімі — G7 елдері арасындағы бірқатар өзекті мәселелер бойынша келіспеушіліктердің салдары. Әсіресе, Украинадағы соғысқа байланысты саясат, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және басқа да халықаралық мәселелер бойынша ортақ пікірге келу мүмкін болмай отыр.
Bloomberg мәліметінше, G7 елдері оның орнына әртүрлі тақырыптар бойынша бөлек бірлескен мәлімдемелер жариялауды жоспарлауда. Мұндай формат Канада үшін қолайлы болып отыр. Елдің премьер-министрі Марк Карни АҚШ президенті Дональд Трамппен шиеленісті болдырмай, екіжақты сауда мен қауіпсіздік салаларындағы келіссөздерді дамытуға мүдделі.
Сонымен қатар, саммит алдында Еуропалық одақтың Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакеті әлі толық келісілмеген. Бұған дейін АҚШ сенаторы Линдси Грэм саммитке дейін жаңа санкцияларды қабылдауға шақырған болатын, алайда еуропалық дипломаттар бұл бастамаға сақтықпен қарайды.
Айта кетейік, G7 саммитінің шешімдері жаһандық экономика мен саясатқа айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.
В Атырау -3