Атырау, 8 желтоқсан 03:45
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Қазақстанда үлескерлерді қорғау күшейіп, жол сапасы жақсартылады

702 рет қаралды

ҚР Парламент Сенатында депутаттар бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екі оқылымда қаралып, мақұлданды. 

Оның негізгі мақсаты – тұрғын үйге қатысты жасалатын келісімдердің ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыру, мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұру жағдайларын жақсарту және автожол саласын жаңғырту.

«Мақұлданған заң үлестік құрылыс саласында мемлекеттік реттеуді күшейтуді көздейді. Осы мақсатпен үлескерлердің құқықтарын қосымша қорғауды қамтамасыз ететін түзетулер топтамасы енгізілді. Заңда мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға қатысты қызметті оңтайландыруды көздейтін өзгерістер де бар. Сонымен қатар автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың негіздерін жетілдіруге бағытталған ережелер қарастырылды. Жалпы, заң үлескерлерді сенімсіз құрылыс компанияларынан қорғауға, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және басқа да өзекті мәселелерді шешуге оң септігін тигізеді деп сенеміз», – деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Нақты айтқанда, белгіленген міндеттерді іске асыру үшін салынып жатқан үйлерде тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алуға байланысты алдын ала шарттар жасасуға, сондай-ақ, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатсыз жарнамалауға тыйым салынады. 

Бұдан басқа, салынып жатқан тұрғын үй нарығында үлескерлердің ақшасын тартудың заңдылығына қатысты жергілікті атқарушы органдардың мониторинг жүргізуі және үлестік құрылыс кезінде құрылыс жүргізушілерге қойылатын талаптарды төмендету көзделген. 

Әлеуметтік қызметтер порталы және мемлекеттік сатып алу арқылы инватаксиге қол жеткізуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды күшейтуге арналған түзетулер де енгізілді.

12 маусым, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.