Атырау, 16 қазан 12:28
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Өртпен алысқандар

2 817 просмотра

Атырауда өрт сөндіру автокөліктері жүргізушілері арасында кәсіби турнир өтті.

ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары» ММ баспасөз хатшысы Жанар ҚАРЖАУБАЕВАНЫҢ айтуынша, жарыста 24 жүргізуші бақ сынаған. Жарысқа қатысушылар ЗИЛ-433362 шассиіндегі АЦ-2,5-40 өрт сөндіру автоцистерналарында жүргізушілік шеберліктерін көрсетті. Тапсырмалар өте қиын болды. Алдымен жүргізушілерге ені өрт сөндіру ЗИЛ-інің көлемінен сәл үлкен сопақша тоннельге кіру қажет болды (әрбір шектегіш белгіні қозғап кету 10 ұпай айыппұлға тең). Одан кейін көлік екі ағаш кесектен тұратын тар табанды жолға түседі. Шебер өрт сөндіруші шекті белгілерге соқтығыспай, өтіп кетуі керек. Одан кейін шұғыл бұрылып, өрт сөндіргіш көлік артқы жүріспен «боксқа» - бағаналармен қоршалған алаңға кіреді.

МЕН - ӨРТ СӨНДІРУ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІМІН
...Өртпен арпалысқан жүректі азаматтар құттықтаулар қабылдап жатқан кезде өрт сөндіру көліктері жүргізушілерінің кадр сыртында қалатыны белгілі. Алайда өрт сөндірушілердің тез қозғалуы осы көлік жүргізушісіне тәуелді екені белгілі.
- Жол бойындағы кептелістер, жол бермейтін жүргізушілер жарқылдап келе жатқан біздің көлігімізге кедергі болатыны анық, - дейді өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Кенжебек ІЗМҰХАНОВ (суретте). – Кейде тіпті жолыңды кесіп өтетін ала құйын жүргізушілер де кездеседі. Бірақ мен өзімнің қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Бұл қызметте жүргеніме 8 жылдың жүзі болды, осы уақыт ішінде осыншама үлкен машинаны жүргізуді 100 пайызға игердім.

Кенжебек мектеп кезінен өрт сөндіру мекемесінде жұмыс жасауды армандаған екен. Оған Балықшыдағы Өрт сөндіру бөлімі-2 мекемесінде өрт сөндіруші болып жұмыс жасайтын үлкен ағасы болашақ мамандығын таңдауына көмектесіпті.

- Ол жұмыс тәулігінен үйге қатты шаршап келетін. Ал мен күйіктің иісіне қызығатынмын: осы жолы қаншама адам өмірін құтқарып қалды деп ойлайтынмын. Ағам сияқты нағыз ер жігіт болғым келді. Ержетіп, механизаторлық дағдымның бар екенін түсіндім әрі бала кезімдегі арманымды да ұмытпадым – сондықтан өрт сөндіру көлігінің рөліне отырдым. Таңдауыма бір секунд болса да өкінген емеспін, - дейді Кенжебек.

Бұл көліктердің жүргізушілерді машиналарды өздері-ақ жөндей береді. Өрт болған жерде су беруді қамтамасыз етеді, олардың тілінше «насос басында тұрады». Бастысы – Б пунктіне жедел жету. Бәрінен де жылдам болу үшін жүргізуші қала жолдары, өткелдері мен қуыстарын үйрететін арнайы курстардан өтеді.

- Өрт шалғандардың «О, қалайша тез келдіңдер!» деп айтқан жағдайлары болған емес, - дейді Кенжебек. – Қашан да айтатындары бір – «сендерді 40 минут бойы күтіп отырмыз...», «қайда жүрсіңдер?...». Алайда  ТЖД мәліметтерінде біздің шақырған жерге келу уақытымыз 5-7 минутты құрайтыны көрсетілген. Жол жақсы болса, жылдамдықты сағатына 100 шақырымға дейін арттыра аламын. Бірақ дүние-мүлкін өрт жалмап жатқан адамдар үшін тіпті 1 минуттың өзі ұзаққа созылады. Біз мұны түсінеміз, сондықтан жағдайды шиеленістірмейміз – оларға онсыз да оңай емес... Көбіне өртеніп жатқан үйге жақындау қиындық келтіреді – сол кезде салқынқандылық таныту қиынға соғады. Алмагүл ықшам ауданында тіпті қиын: үйлер бір-біріне тақалып орналасқан, тұрақта толған көліктер, шлагбаумдар... Қиын, бірақ мен шағымданбаймын. Егер осындай кедергілерді өте алмайтын болсам, менің қандай жүргізуші болғаным?

Турнир қорытындысында Жылыой ауданы №2 арнайы өрт бөлімшесінің жүргізушісі, өрт сөндіру қызметінің аға сержанты А.СМАҒҰЛОВ ең мықты деп танылды, ал командалық есепте №1 арнайы өрт сөндіру бөлімі жеңіске жетті.

Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор

29 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.