Атырау, 8 желтоқсан 03:43
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырау әуежайының тұрағы ақылы болады

588 рет қаралды

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде көп адамның наразылығын тудырды: қала тұрғындары терминалдың кіреберіс аумағы бюджет қаражаты есебінен салынғанын, яғни, салық төлеушілердің ақшасына салынғанын еске салды.

- Біз бір рет төлеп жасадық, енді неге қайтадан ақша төлеуіміз керек? - деп ашуланды блогер Нұрлан Жунасов.

Бұл сұраққа жауап тез келді. «АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ коммерциялық директоры Владимир Пахомов көлік тұрағының ақылы болатынын растады және себебін түсіндірді.

- Терминалдың жанында үнемі хаос болады. Көліктерді қалай болса солай қойып кетеді, өтетін жол болмай қалады, сигнал беріп, көліктер кептетіліп жатады. Кейде тіпті арнайы көлік те жақындай алмайды. Біз қозғалысты ретке келтіру және кіреберісті босату үшін көлік тұрағын ақылы етпекшіміз, - деді Пахомов.

Ол әсіресе жедел жәрдем мен өрт сөндірушілердің өтуін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Егер жолаушының жағдайы нашарласа, дәрігерлер еш кедергісіз тікелей кіреберіске жақындайтын мүмкіндік болу керек. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, ғимараттың оң жағында жаңа терминалдың құрылысы басталды. Аумақ қоршалған, алаңда бульдозер, экскаватор және басқа да ауыр техникалар жұмыс істейді - сондықтан еркін өту мүмкіндігін алдын ала ұйымдастыру қажет.

Ақылы жүйені енгізу күні және бағалар әлі жарияланған жоқ.

Айнұр САПАРОВА

12 маусым, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.