
Қызылқоға ауданы тұрғындары үшін бұл жол тек инфрақұрылым нысаны ғана емес, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба. Бұған дейін Тайсойған мен Миялының арасын жүріп өтуге 2-3 сағат уақыт кетсе, енді бұл аралықты 40 минутта еңсеруге болады.
Қызылқоға ауданына қарасты Тайсойған мен аудан орталығы Миялы арасын жалғайтын автокөлік жолының құрылысы аяқталуға жақын. Ұзындығы 45,8 шақырымды құрайтын бұл жолды ауыл тұрғындары көптен күтті.
Жол құрылысы 2023 жылдың қарашасында басталған. Құрылыс жұмыстарын «АссанаДорСтрой» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Техникалық қадағалауды «Тұран Құрылыс» ЖШС жүргізуеді. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК АОФ-ның инженері Ерлан Қапаровтың берген ақпараты бойынша, 2024 жылғы көктемдегі су тасқынына қарамастан, мердігер мекеме бөгет орнатып, жұмысты тоқтатпады.
Жолдың асфальтбетон төсеу жұмыстары толық аяқталды. Қазір жол жиегін бекіту, жол белгілерін орнату және таңбалар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол бойында төрт мал өткелі мен су құбырлары орнатылған.
Филиал инженерлері құрылыс материалларынан 247 сынама алып, зертханалық тексерістен өткізді. Олар сапа талаптарына сай деп танылды.
Жоба биыл қыркүйек айында толық аяқталуы тиіс.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -2 


