
Құлсары қаласындағы "Бірінші" ықшам аудандағы емханаға барар автомобиль жолы ашылды. Бұрын жүргізушілер жеке меншіктің жері деп, жолды жауып қойғандықтан бүкіл ауданды айналып өтуге мәжбүр болатын.
Оқиға 2006 жылдан жалғасып келеді. Сол жылы кәсіпкерлердің бірі жеке тұлғадан 0,06 гектар жер сатып алды. Бірақ жеке кәсіпкердің иелігінде болса да ол жерге асфальт жол түсіп, саябақ салынған. Былтыр кәсіпкер өз құқықтарын еске салып, емханаға барар тіке жолды жауып тастады. Соның нәтижесінде тұрғындар жеті ай бойы клиникаға айналып баруға мәжбүр.

Жылыой ауданы әкімдігі жерді 14 миллион 900 мың теңгеге бағалап, кәсіпкермен келіссөз жүргізіп, жерді мемлекетке қайтаруға келісті.
- Біраз уақыт кетті, бірақ жеке кәсіпкер ол жерді мемлекет меншігіне беру үшін өзара келісімге келіп, мәселе шешілді. Бүгін ол жол ашылды, енді көліктер ықшам аудан ішін араламайтын болды,-дейді Құлсары қаласының әкімі Қадыржан АДИНОВ.
Енді дәрігерге баратын жол қысқарып, ыңғайлы болды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -2