Атырау, 5 желтоқсан 08:36
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Аргентина соты экс-президент Киршнерді өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетті

293 рет қаралды
Авторлық құқық © AP 

Аргентина Жоғарғы соты елдің бұрынғы президенті Кристина Фернандес де Киршнердің жемқорлық бойынша айыптауын растады. Сот оның мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығын мәңгілікке шектеді және оған 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе үйқамаққа ауыстыру мүмкіндігі бар жаза тағайындады, деп хабарлайды Euronews.

Киршнерді сот жемқорлықпен, яғни билікте болған кезінде мемлекеттік қызмет орындарын заңсыз бөліп берген деп таныды. Бұл шешім аргентиналық перонистік қозғалыстың жетекшісі болып табылатын Киршнер мен оның жақтаушылары арасында наразылық тудырды.

Сот шешімі шыққан соң, Буэнос-Айрестегі мыңдаған демонстранттар көшелерді жауып, телеарналардың кеңселеріне басып кірді. Жақтастары соттың әділ еместігін, оның саяси қарсыластары мен ірі экономикалық топтар ықпалында екенін айтып отыр.

72 жастағы Кристина Фернандес үшін арнайы қамау орталығы құрылуы жоспарлануда, ал оның адвокаттары денсаулығына байланысты үйқамаққа ауысуын сұрап отыр.

Бұл іс бойынша басқа да бұрынғы шенеуніктер мен кәсіпкерлер айыпталуда. Киршнер бұған дейін де бірнеше рет жемқорлық айыбымен сотталған және сот шешімдерін қайта қарау өтініштері қабылданбаған.

12 маусым, 01:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.