Өткен жылдың желтоқсанындағы аттестациядан соң Атырау облысындағы ішкі істер органдарынан шамамен 100 адам жұмыстан шығарылды. Бірақ бос орын ұзақ тұрмайды, бүгінгі күні ІІД сайтында осындай көлемдегі жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдау туралыхабарландыру ілініп тұр.
Ең көп кадрлар Жылыой АІІБ-не керек – 39 адам. Атырау қаласының патрульді-күзет қызметіне 8, Махамбет АІІБ –16, Құрманғазы АІІБ – 11, Индер АІІБ – 8, Мақат АІІБ – 18, Исатай АІІБ – 3 адамды қызметке қабылдайды.
Анастасия ПАСТУХОВА