Атырау, 8 желтоқсан 03:45
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау облысынан 250 әйел STEM-тренер атана алады

333 рет қаралды
«Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі ұсынған сурет

11 маусымда Астанада «Самұрық-Қазына» қоры мен ExxonMobil компаниясы «Баршаға арналған STEM ортасы» бірлескен жобасын іске қосу туралы меморандумға қол қойды.

Бұл жоба Атырау облысынан 250 әйелге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарына STEM-тренер болу үшін оқудан өтіп, сертификат алуға мүмкіндік береді.

«ExxonMobil – біздің көп жылдан бергі стратегиялық серіктесіміз. Енді бұл ынтымақтастығымыз әлеуметтік жобаларды да қамти отырып, жаңа деңгейге көтеріліп отыр», – деді қор басшысы Нұрлан Жақыпов кездесуде.

Жобаны «Самұрық-Қазына» қорының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік операторы — Samruk Kazyna Trust жүзеге асырады.

STEM-тренер — ғылым (Science), технология (Technology), инженерия (Engineering) және математика (Mathematics) салаларында білім беретін маман. Олар оқушылардың техникалық ойлауын, шығармашылық қабілетін, мәселені шешу дағдыларын және топпен жұмыс істей білуін дамытады. Бұл үшін тренерлер практикалық және пәнаралық тәсілдерді қолданады.

12 маусым, 01:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.