Атырау, 5 желтоқсан 08:03
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Karabatan Utility Solutions тағы да экологиялық талаптарды бұзды

560 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр

Атырау облысының экология департаменті «Karabatan Utility Solutions» және «IDOS Services» компанияларына қатысты заңсыз сұйық қалдық төгу және жерді бүлдіру күдігі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру ірі вакуумды көліктердің құжатсыз және рұқсатсыз белгіленбеген орындарға белгісіз сұйықтықтарды төгіп жатқаны туралы ақпараттар пайда болғаннан кейін басталды.

Анықталғандай, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-нің 2022 жылдың 20 маусымындағы су дайындау және ағынды суларды тазалау бойынша ресми экологиялық рұқсаты болған. Ал 2024 жылдың 8 қарашасында IDOS Services-пен өндірістік аумақтан ағынды суларды шығаруға келісімшарт жасалған.

Алайда тексеру барысында экология департаментінің мамандары бірнеше заңбұзушылықтарды анықтады: компаниялар қалдықтарды төгуден бұрын қажетті экологиялық бағалау жүргізбеген, бұзушылықтарды жоюға шара қолданбаған, жобалық құжаттар мен экологиялық сараптама талаптарын орындамаған. Сонымен қатар, ағынды сулар белгіленбеген орындарға төгілгендіктен, жер бүлінді.

– Тексеру қорытындысы бойынша, заң бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көрсетілген қысқартылған тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Атырау облысы экология департаменті.

Жиналған материалдар әрі қарай тергеу жүргізу және Қылмыстық кодекс шеңберінде процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.

Айгүл МАНСУРОВА

11 маусым, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.