Атырау, 8 желтоқсан 03:43
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​«Киіктерге арналмаған»: Құрманғазы ауданында сою цехы салынады

477 рет қаралды

Цех Сүйіндік ауылында салынады. Айта кетейік, құрылыс жоспарланған аумақ орал популяциясына жататын киіктердің мекендеу аймағына кіреді.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының хабарлауынша, жоба жоспарлау сатысында және жеке капитал есебінен жүзеге асырылуда.

Бұл нысанға экологиялық сараптама талап етілмейді, ал бақылауды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы жүзеге асырады деген сөз.

«Ақ Жайық» сауалына берілген жауапқа сәйкес, бұл сою пункті ауыл шаруашылығы жануарларын союға арналған, ал Атырау облысында киік етін өңдеуге қатысты ешқандай бағдарлама жоқ.

Айта кетейік, қазіргі таңда өңірде 16 сою пункті мен алты ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істеп тұр. Жаңа нысан осы тізімді толықтырады және әзірге ол жалпы бизнес-бастамалар шеңберінен аспайды.

Ал киіктердің тағдырына қатысты талқылаулар соңғы жылдары өткір пікірталастар туғызуда. Бұған дейін Экология министрлігі олардың санын реттеу қажеттігін айтса, президент Қасым-Жомарт Тоқаев керісінше ұстаным білдіріп, киікті «қазақ даласының символы» деп атап, 2024 жылғы сәуір айында оларды атуға немесе табиғаттан алу үшін рұқсат берілмейтінін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Экология министрлігінің дерегінше, 2023 жылға қарай Қазақстандағы киіктердің саны 2 миллионға жеткен. Оның шамамен 1 миллион 300 мыңы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында мекендейтін орал популяциясына тиесілі. 2025 жылдың көктемінде «Охотзоопром» РМК-ның ақпараты бойынша, Атырау облысында көктемгі көші-қоны кезінде шамамен 10 мың киік Индер, Махамбет және Құрманғазы аудандарында байқалған. 2024 және 2025 жыл басында ресми санақ жүргізілмеген.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

11 маусым, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.