Атырау, 8 желтоқсан 03:45
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Елтайда жаңа спорт кешені салынып жатыр

391 рет қаралды

Индер ауданы Елтай ауылында  150 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мердігер мекеме — «АймарСтройСервис» ЖШС. Құрылыс барысын техникалық қадағалаушы — «Building Control» ЖШС, ал авторлық қадағалаушы ретінде «Архдизстрой» ЖШС жауапты. 

- Жаңа кешен ауыл тұрғындары үшін салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға және бұқаралық спортты дамытуға зор мүмкіндік бермек. Қазір  ғимараттағы жер қазу жұмыстары аяқталып, бетон құйылып жатыр. Нысан аумағы қоршалып, алаңда қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілген. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, қолданысқа беріледі ,- деді Индер аудандық Құрылыс бөлімінің басшысы Дарын Ілиясов.

Екі қабатты спорт кешенінде шағын футбол, күрес, бокс залы мен жаттықтырушылар кабинеті, ерлер және әйелдер киім ауыстыратын орын мен медициналық кабинет қарастырылған.

Айта кетейік, аудан бойынша барлығы төрт спорт кешені бар.

10 маусым, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.