Атырау, 8 желтоқсан 03:45
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Құрманғазы ауданындағы туризм: келушілердің саны артып келеді

430 рет қаралды

Өңірдегі табиғаты ерекше аудан Құрманғазыда туристік маусымы ашылып, «ВМС», «Қиғаш», «Каспий Балық», «Lotos Atyrau», «Каспий» және «Хан-Балық» демалыс орындары келушілерге қызмет көрсетуге дайын. Бұл нысандар жазғы демалыста туристтерге табиғат аясында тынығуға мүмкіндік береді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әсіресе, Қиғаш-Шора өзеніндегі 5 мың гектар лотос алқабын көру үшін күніне  жүздеген турист сапарлайды. Алқапта келушілерге арнайы қызмет көрсететін маторлы қайық та бар. Сонымен қатар өзен бойында балық аулап, аңшылыққа қызығатындар да аз емес.

- Аудан әкімдігі туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде. Қазір 13 туристік база құрылысына арналған жер телімдері 3-5 жыл мерзімге жалға беріліп, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастама өңірдегі туристік инфрақұрылымды кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді,- деді Құрманғазы ауданының баспасөз хатшысы Гүльхат Хамза

2023 жылы Құрманғазы ауданының табиғатын тамашалауға 7000-ға жуық турист келсе, былтыр келушілер саны 10 пайызға артқан. Олардың ішінде шетелдік азаматтар да бар.

10 маусым, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.