Атырау, 5 желтоқсан 08:36
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Наразылық күшейді: Калифорния билігі Трампқа қарсы сотқа жүгінбек

363 рет қаралды
Eric Thayer/Copyright 2025 The AP. All rights reserved.

2025 жылғы 8 маусым күні Лос-Анджелестің орталығында иммиграциялық рейдке қарсы өткен наразылық шеруінен кейін көлік өртеніп, Waymo компаниясының тағы бір көлігі бұзақылар шабуылына ұшырады. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Наразылық шараларынан кейін қалада тәртіпсіздік күшейіп, АҚШ президенті Дональд Трамп Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсомды елде бүлік туындауына себепкер деп айыптап, тіпті оны қамауға алуға дейін баруы мүмкін екенін мәлімдеді. Трамп Ньюсомды «өте қабілетсіз» деп атады.

Жұма кешінде басталған наразылық шаралары сенбі мен жексенбіде өршіп кетті. ICE — АҚШ-тың иммиграциялық қызметі 44 адамды, тағы біреуді қарсылық көрсеткені үшін ұстағаннан кейін қала тұрғындары шеруге шықты. Куәгерлердің айтуынша, рейд кезінде газ және шу-шам гранаталары қолданылған.

Жексенбі күні президент Трамп қалаға 300 Ұлттық гвардия жауынгерін жіберді. Бұған жауап ретінде мыңдаған тұрғын ірі жолдарды жауып, көліктер өртеп, тәртіп сақшыларымен қақтығысты. Полиция резеңке оқтар, көзден жас ағызатын газ және жарық-шум гранаталарын қолданды. Нәтижесінде 60-қа жуық адам тұтқындалды.

Кей демонстранттар полицияға тас, бетон кесектері мен «Молотов коктейльдерін» лақтырды. Бір адам мотоциклмен полиция сапын бұзып өткен. Австралиялық журналист Лорен Томази резеңке оқпен жарақат алды. The New York Times дерегінше, кемі 6 журналист жарақаттанған.

Губернатор Ньюсом Трампқа ашық хат жолдап, Ұлттық гвардияны алып кетуді талап етті. Оның айтуынша, бұл – штаттың егемендігіне ауыр нұқсан. Лос-Анджелес мэрі Карен Басс та мұны қолдады.

Алайда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Ньюсомның сөзіне қарсы шығып, оның «өтірік айтып отырғанын» мәлімдеді. Трамп болса жағдай ушыққан соң 500 теңіз жаяу әскерін дайындап қойғанын, олар кез келген уақытта іске кірісуге дайын екенін ескертті.

Кейбір үкіметтік емес ұйымдар (мысалы, NoKings) 14 маусымға жаңа наразылық шарасын жариялады.

10 маусым, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.