Атырау, 26 желтоқсан 11:28
 ашықВ Атырау -3
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

​Үндістан Пәкістанға қарсы соққы жасауға дайын екенін мәлімдед​і

372 рет қаралды

Үндістан сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар Politico порталына берген сұхбатында, егер Пәкістан тарапынан кезекті лаңкестік әрекет жасалса, Үндістан қайта әскери операция бастауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды АА.

Оның айтуынша, бұрынғы қақтығыстарға себеп болған жағдайлар әлі де өзекті. Министр Пәкістанды мыңдаған лаңкестерді дайындап, Үндістан аумағына жіберіп отыр деп айыптады.

«Егер лаңкестік шабуыл түрінде арандату жасалса, Үндістан лаңкестік ұйымдар мен олардың басшыларына соққы беруге дайын», — деді Джайшанкар.

Сондай-ақ, ол Үндістан әдейі шабуыл үшін сылтау іздемейтінін, бірақ егер қауіп нақты анықталса, Үндістан Пәкістан аумағына кіріп операция жүргізетінін айтты.

Министр жақында болған қақтығыстар кезінде үнді ұшақтарының жойылғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды.

6 мамырда Үндістан Пәкістан аумағына, оның ішінде Исламабад бақылауындағы Азад Кашмирге зымыранмен соққы жасаған. Бұл әрекет 22 сәуірде Үндістанның Джамму және Кашмир штатындағы Пахалгам ауданында болған терактке жауап ретінде жүзеге асқан. Аталған шабуылда 26 адам қаза тапқан болатын.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди бұл операцияны «Синдур операциясы» деп атады. Айта кетейік, «Синдур» — хинди тілінен аударғанда, үнді әйелдері маңдайына жағатын қызыл ұнтақ.

10 мамырда АҚШ-тың арағайындығымен Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату жөнінде келісімге келген.

10 маусым, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.